jasqazaq.kz

Оралда жалған ақша жасаушылар сотталды

23 мамыр 2018, 16:28

Орал қалалық соты бүгін жалған ақша жасаушыларға қатысты үкімді жария етті.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ерлі-зайыпты Евгений мен Данэль Скоробогатовтар және Дмитрий Воробьев 20 мың теңгелік жалған ақша жасаумен айналысқан. Сотталушылар жалған ақшаларды дүкен, базар, дәріхана, кафелерде өткізген. Сөйтіп барлығы 22 жәбірленушіге 440 мың теңге залал келтірген. Сот оларды ҚР ҚК 231-бабы 2-бөлігі 1, 2-тармақтары, 190-бабы 2-бөлігі 1, 2 тармақтары бойынша айыпты деп таныды. ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі қолданыла отырылып, үшеуі де қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен мүліктерін тәркілеусіз 5 жылға бас бостандықтарынан айыру ретіндегі түпкілікті жазаны қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Тәрбиесінде кішкентай балалары бар Д.Скоробогатоваға ҚР ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігі негізінде жазасын өтеу бес жылға кейінге қалдырылды. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен