jasqazaq.kz

Оралда жалған ақша жасағандар ұсталды

01 ақпан 2018, 16:38

Өткен аптада Орал қаласында қолдан ақша жасаушы топ ұсталды. Олар жиырма мыңдық теңгені дүкендер мен базарларда сауда жасап айналымға жіберген. 

БҚО Мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметінің Ratel.kz тілшісіне хабарлауынша, алаяқтар қалаға біршама жалған ақшаларды таратып тастаған. Бұл топ Батыс Қазақстан облысының тұрғындары емес. Олар соңғы екі аптада белсенді түрде өтірік ақшаны таратумен айналысқан. Қазірге Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі 14 фактіні анықтаған.

Күдіктілер 20-мыңдық жалған ақшаны жалдамалы пәтерде басып шығарған. Тінту кезінде принтер, планшет т.б техникалық құрылғылар табылған. МКД-нің қызметкерлерінің айтуынша, жалған ақшалар өте сапалы жасалған. Сауда орындарының сатушылары бірден оның қолдан жасалғанын аңғармапты. Алаяқтар дүкендердегі бақылау камералары арқылы анықталып ұсталған.

Қанша 20-мыңдық теңге айналымда екені анықталып жатыр. Және МКД-ні экономикалық тергеу қызметі ҚР ҚК-нің 206 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдіктілер 5 жылдан 10 жылға дейін сотталып, дүние-мүлкілері тәркіленулері мүмкін. Оралда жалған ақша жасаушылардың ұсталу фактісі жиі тіркелмеседе, ұдайы болып тұрады. Естеріңізге сала кетейік, 1978 жылғы Камерун азаматы Оралға келген болатын. Шетелдік азамат Қазақстанға бизнес серіктес іздеп келгендей болып, өтірік долларларды таратқан. Артынша өзі де, оған көмектескен оралдық әйел де ұсталған еді.

09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады