jasqazaq.kz

Оралда 90-ға жуық адамды кене шақты

24 мамыр 2018, 17:01

Орал қаласында 84 адамды кене шақты. Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәдениет Танауовтың айтуынша, мұндай жайт 12 сәуірден бері тіркелген.

Олардың бәрі ауруханаға, жарақат пунктіне келіп, кенелерін алдырған. Қан сынамаларын алып тексергенде, туляремия ауруы ешкімнен анықталған жоқ. «Кене шағу оқиғалары болып тұрады. Ең бастысы, туляремия сияқты жұқпалы ауруды жұқтырмаса болды», — деді М.Танауов. Сол секілді қалада жыл басынан бері бес адамның вирусты гепатиттің А түрімен ауырғаны тіркелді. Өткен жылы осы мерзімде 4 адам науқастанған еді. Мұны да қалыпты жағдай деуге болады. Бұл дерт жеміс-жидекті жумай жеген жағдайда жұғады, лас жерлерден де тарауы мүмкін. Сондықтан жазға қарай көбеюі ықтимал. «Ауырған адамдармен байланыста болғандардың бәрі де бақыланды. Олардың арасынан гепатиттің А түрі тіркелген жоқ. Ең маңыздысы, аурудың өршіп, адамдардың жаппай ауыруына жол бермеу қажет», — деді Мәдениет Танауов.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен