Құқық қорғау органдары Дерқұл ауылында мазардың жанында сәбиін қалдырып, өзі қашып кеткен ананы құрықтады. Бұл туралы Орал қалалық ІІБ-на сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
Полицейлер баланың денесі табылған күннен екі тәулік өткен соң, оның қатыгез анасын ұстаған. Орал қалалық ІІБ-ның бастығы Нұрлан Бисеновтың айтуынша, 33 жастағы әйел табылған баланы өзң туғанын мойындаған. Сәби 36-аптада сап-сау болып дүние есігін ашқан екен.
Дерқұл ауылының тұрғыны бұдан басқа да бірнеше баласы бар ана.
Енді ол жаңа туған нәрестесін тастап кеткені үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге ол үй қамағында отыр.
Әйелді ата-ана құқығынан айыру немесе қалдыру туралы шешімді қалалық сот шығарады.
Еске салсақ, 5 наурыз күні Дерқұл ауылында оқушылар мазардың жанынан матаға оралған баланың денесін тауып алған.
Аталмыш оқиға бойынша «баласын қасақана өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.