jasqazaq.kz

Оңтүстіктен солтүстікке 125 отбасы аттанды

11 сәуiр 2018, 10:23

Оңтүстіктен солтүстікке 125 отбасы аттанды. Оның ішінде он шақты шаңырақ өзге өңірге қоныстану үшін бүгін буынып-түйініп жолға шықты. Сапарға жиналғандардың арасында ондағы мүмкіндіктерді қарастырып қайту үшін кеткен тұрғындар көп.

Солтүстікті бетке алғандардың арасында Орынбаевтар отбасы да бар. Сарыағаштық тұрғындар бүгін буынып-түйініп жолға шықты. Еңбекке қабілетті азаматтар екі қолға бір күрек тауып, жері құнарлы өңірде егіншілік пен құс шаруашылығын түлетсек дейді.

Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына аттанып жатқан бұл тұрғындардың арасында осыған дейін тұратын елді мекендерінде болып, ондағы жағдайдың жай-жапсарымен танысып келгендер аз емес. Қоныс аударған азаматтардың тұрғын үй, жер, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілуі әкімдіктегілердің тікелей бақылауында болады дейді жауаптылар.
Еңбек күші жетіспейтін өңірлерге жиналған көшті жергілікті атқамінерлер мен халық қалаулылары шығарып салды.
Айта кетейік, 2015-2017 жылдары күнгейде 1 жарым мыңға жуық мүшесі бар 400-ге тарта отбасы солтүстікке қоныс аударған. Олардың барлығының отбасындағы кемінде бір адамы жұмыспен қамтылып, әр түрлі салада жемісті жұмыстар атқаруда дейді басқарма өкілдері. Көш биыл да жалғасады. Жыл аяғына дейін 665 отбасы қоныс аударады деп жоспарлануда.

sputniknews.kz

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды