Алдағы 5-7 маусым аралығында ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды. Кольск түбегінің циклонымен байланысты туындаған атмосфералық фронттар Қазақстан бағытына жылжып келеді. Олардың ықпалынан республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн күркіреу кезінде қарқынды жел күшейеді.
Жуық арада ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде. Күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында +25+33 градусқа, оңтүстік жартысында +30+35, ал оңтүстікте 40 градусқа дейін жететін болады. Ал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жарияланған. 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 4 маусымнан 21 сағ. 5 маусым аралығы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Петропавл қаласында 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 4 маусымнан 21 сағ. 5 маусым аралығы) оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін.