Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ құлады, — деп хабарлайды РИА Новости. Басылымның мәліметінше, Рёнхап агенттігі өрт қызметіне сілтеме жасай отырып, Оңтүстік Кореяда әскери ұшақтың құлағанын хабарлаған. Оқиға Кёнсан-Пукто провинциясында Чхильгок уезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жойғыш құлаған. Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмады.