jasqazaq.kz

Оңтүстік Корея Президентінің  марапаты

29 мамыр 2018, 11:15

 Корея Республикасының Президенті Мун Джи Юн әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановты медальмен марапаттады.

Алматыда Корей түбегіндегі бейбітшілікті сақтауға арналған Дүниежүзілік Корей форумында Кореяны біріктіру министрлігінің Саяси әріптестік департаментінің  директоры Пак Хёнг Ильмырза Президент атынан ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа жоғары марапат, алғыс және жеке сыйлықтар табыс етті.

Пак Хёнг Иль мырза ҚазҰУ ректоры Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның  ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастығын дамытуға, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және Кореяны біріктіруге арналған халықтық дипломатияны қалыптастыру ісіне жәрдемдесуге бағытталған еңбегі  үшін жоғары   марапатқа ие болды деп атап  өтті.

«Біз әл Фараби    атындағы ҚазҰУ мен оның басшысы Ғалым Мұтановқа екі елдің қарым-қатынастарын нығайтуға және Корей түбегінің бірігуіне қолдау көрсетіп, баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс  білдіреміз. Форумға КХДР делегациясы алғаш реет қатысып отыр, бұл біз үшін Кореяны біріктірудің жарқын  болашағына  үміт  ұялатады», — деп  атап  өтті  Пак Хёнг Иль марапатты  табыстай  отырып.

Форумда сөз сөйлегендер Қазақстанның халықаралық аренадағы бітімгершілік рөлінің және оған деген жоғары сенімнің өсіп келе жатқандығын атап өтті. КХДР делегациясының Корея түбегінің екі мемлекет басшыларының жуырда болған кездесуінен кейін  ҚазҰУ-да өткен форумның жұмысына қатысуы бұл шараның Солтүстік пен Оңтүстіктің бейбіт жолмен бірігу үрдісіндегі маңыздылығы туралы     куәландырады.

ҚазҰУ баспасөз қызметі

 

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен