Алматы облысының тұрғыны ұзындығы 10 см болатын 14 тал шегені жұтып қойған. Шизофрения сырқатына шалдыққан 39 жастағы ер адам өз өмірін осылай қимақ болған. Темірді өңешінен өткізгеннен кейін үш күннен соң ғана медициналық көмек сұраған.
Хирург дәрігер Марат Әбжанов «Науқастың жағдайын көріп шұғыл отаға кірістік. Өлімге әкелуі мүмкін перитониттің көрінісі де болды. «науқасқа лапаротомия, ревизия, спайкаларды кесу отасы өтті. Одан кейін гастротомия, асқазаннан бөгде заттарды алып тастау және аш ішектің қуыстарына резекция жасалды» деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Әбжанов. Науқастың жағдайы тұрақты.
JQ-Aqparat