jasqazaq.kz

Өндірістегі қарым-қатынас сарапшылар көзімен

27 сәуiр 2018, 18:25

Астанада Халықаралық XIII HR конференция шеңберінде «Жаңа замандағы Қазақстан: Industrial relations» тақырыбында ғылыми-тәжәрибелік секция өтті. Басқосуды Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының өкілдері Ербол Исмайылов және Әлия Назарбаева жүргізіп отырды.

Сарапшылардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, «BISAM Central Asia» президенті Леонид Гуревич, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры Валентин Шаленко, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлер жөніндегі директоры Анна Адом. Қатысушылар төртінші өнеркәсіптік революция заманындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының өзекті мәселелерін талқыға салды.

«Еңбек ұйымы тірі организм іспеттес. Ол да кез келген адам сияқты сырқаттанып қалуы мүмкін. Әрине, аурудың салдарымен де күресуге болады. Алайда мұнай ем шараларының тиімді болуы екіталай. Еңбек ұжымына емдеуден гөрі, алдын алу шаралары пайдалы. Тәжірибелі жетекшілер осыны бұрыннан біледі», — деп атап өтті дау-жанжалдардың табиғатын зерттеуші профессор Валентин Шаленко.

Еңбек дауларының алдын алудың үздік тәжірибесі ретінде мамандар «Әлеуметтік тұрақтылық индексі» зерттеу әдістемесін ерекше атап көрсетті. Бұл зерттеулерді Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында бес жылдан бері өткізіп келеді.

Жиында орталық басқарушы директоры Сандуғаш Ескендірова «Зерттеу нәтижесінде қолға алынған іс-шаралар өндірістегі еңбек шарттарын жақсартуға септігін тигізді. Осының арқасында еңбек ұжымдарының басшылыққа деген сенімі 20 пайызға артты. 2013 жылы бейілді қызметкерлердің үлесі 68% болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 80% дейін жеткен. Егер біз алғашқы екі жылда еңбек шарттарын жақсарту қажеттлігін анықтасақ, соңғы екі жылдың ішінде біз коммуникацияларды жүйелі түрде жүргізудің және кәсіподақтармен қарым-қатынастарды нығайтудың қажеттілігін байқап отырмыз», — деп мәлімдеді

«Жаңа замандағы Қазақстан: Industrial relations» панельдік секциясына сонымен қатар KAZENERGY қауымдастығының Әсет Мағауов, ірі өндірістік компаниялардың әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі мамандар қатысты.
Өзара пікір алмасу нәтижесінде сарапшылар бірыңғай қорытынды жасағандай. Олардың айтуынша, Қазақстанда жанжалдардың алдын алу және жою, сондай-ақ әлеуметтік зерттеулерді үйлестіру мәселерімен айналысатын сараптамалық орталықты құру қажеттілігі туындап отыр. Осыған сәйкес, Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы алдағы уақытта өз қызметін жетілдіру жолдарын қарастыруды көздейді.

Әбдіманап Кеңес

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті