Еліміздің он үздік тренерін анықтаған байқау комиссиясының қорытынды нәтижелері шығарылды.
«Өмірлік таңдау» жобасы республика оқушыларының арасында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мен олардың беделін арттыруға бағытталған. Тренингтер, өндіріс ошақтарына жасалған экскурсиялар мен еңбек әулеттерімен кездесулер еліміздің бес аймағында өз мәресіне жетті. Олар ОҚО, БҚО, Ақтөбе, Павлодар, Маңғыстау облыстары. Жоба аясында барлығы 260 мұғалім-психологтар мен 30 мыңға жуық оқушы қамтылған. Мұғалімдер үшін кәсіби бағдар бойынша тренингтер жүргізуді меңгеру курстарын білікті тренерлер өткізді. Кейін оқытушылар бұндай сабақтарды өз оқушыларына ұйымдастырған еді.
«Маңғыстау мен ОҚО тренерлері ерекше белсенділіктерімен көзге түсті. Өткізілген тренингтер саны бойынша Маңғыстау көш басында. Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылының №6 орта мектебінің психолог-мұғалімі Кыянова Куваныш Турганбаевна жобаны іске асыру барысында 21 тренинг өткізген, ал жалпы қатысушылар 10 тренинг ұйымдастыруы қажет еді. Жасаған жұмысы да, өз еңбектерін айшықтайтын портфолиосы да керемет шыққан. ОҚО мен Ақтөбе облыстарынан да мықты қатысушылар анықталды» дейді жобаның жетекші маманы Дәулет Аждар.
Мұғалімдерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырушылар «Жобаның үздік тренері» байқауын ұйымдастыруда. Байқауға қатысуға 37 үміткер өтінім берген. Комиссия әр аймақтан екі үздіктен таңдап алған болатын. Нәтижелер белгілі боғлан осң, 10 қатысушы Астана қаласына байқаудың ақтық мәресі мен жеңімпаздарды марапттау рәсімі өтетін республикалық форумға қатысады. Бес жеңімпаз Санкт-Петербург қаласы «Иматон» Практикалық психология Институтында ұйымдастыралатын «Современные методы индивидуального и группового профконсультирования» тақырыбы бойынша оқыту курстарына жолдама алады.
Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады.
Байқаудың ақтық сынына өткен мұғалімдер тізімі:
1. Момбаева Қаракөз, Шымкент қаласы, №30 мектеп
2. Кенджебаева Мира Урынбасаровна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 мектеп
3. Кыянова Куаныш Турганбаевна, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе-2 елді мекені, №6 мектеп
4. Серимбаева ДаннаТулеубаевна, Павлодар қаласы №19 мектеп
5. Кожашева Майра Дуйсенгалиевна, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбаршы орта мектебі
6. Машар Ақалтын Сидағалиқызы, Ақтөбе қаласы, №16 мектеп
7. Адилгереева Гүлжан, БҚО, Қазтал ауданы, Бостандық орта мектебі
8. Габдулина Нафиса Фаридовна, Екібастұз қаласы, №9 мектеп, тәрбие ісі меңгерушісі
9. Андирова Айман Амандыковна, БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
10. Сапаров Жандос, Д.Конаев атындағы №22 жалпы орта мектебі, Жетісай қаласы (ОҚО)