jasqazaq.kz

Олжас Бектенов ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды

26 желтоқсан 2024, 12:11

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы шеңберінде күн тәртібінен тыс Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апаты орнындағы Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебін тыңдады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқару қызметі іздеу жұмыстарын аяқтады. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты. Пациенттер түрлі жарақаттармен, негізінен көптеген жарақатпен түскен. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар профильдер бойынша ауруханаға жатқызылды, толық көлемде ем алуда. Сондай-ақ санитарлық авиация желісі арқылы Астанадан Ұлттық шұғыл медицина орталығы мен жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді. Қазақстандық мамандардан бөлек РФ ТЖМ арнайы кеңесі мен Әзербайжан Республикасының санитарлық авиация бригадасы да келді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары келеді, оларға облыс әкімдігі трансферт, орналастыру және тамақтану бойынша қажетті көмек көрсетеді. Психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.
Көлік министрлігі Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді. Ертең Бразилияның авиациялық билігі мен Embraer компаниясы келеді деп күтілуде. Түпқараған ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қажетті қолдау шаралары көрсетілуде. Қазіргі уақытта жедел желі жұмыс істеп тұр, оған мыңнан астам қоңырау түсті.

«Бірінші кезекте қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазақстан Үкіметі мен уәкілетті органдар зардап шеккендерге және қайтыс болғандардың туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетуде», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді. Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралардың шеңберінде отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамаларын және құзыретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет.Орын алған жағдайдан осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып дұрыс қорытынды шығару қажет», — деді Олжас Бектенов.

JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды