jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Шикізатты экспортқа емес, ішкі нарыққа жіберіп жатырмыз

21 қараша 2024, 12:03

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенаттың жалпы отырысында экономиканы әртараптандыру тетіктеріне тоқталды.
«Экономиканы әртараптарындыру — ол Үкіметтің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы да үнемі осы мәселеге назар аударады. Сондықтан Үкімет пен құзырлы органдар осы бағытта бенсенді жұмысты атқарып жатыр, қазірдің өзінде нәтижесі бар деп айтуға болады. Статистикаға сүйенсек, өңдеу өнеркәсібі көлемі бойынша қазір шиказат секторынан асып кетіп жатыр. Нақты цифрларды айтатын болсақ, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47 пайыз құраса, шикізат секторының үлесі 45 пайыз шамасында. Әрине, осы бағытта белсенді жұмыс атқару керек. Қабылданған шешімдердің арқасында бірінші кезекте шикізатты экспортқа емес, ішкі нарыққа жіберіп жатырмыз. Осы іс-шаралардың нәтижесінде қазір алюминий мен мыс бойынша өңдеу көрсеткіштерін 2 есеге ұлғайттық», — деді О. Бектенов.

Оның айтуынша, экономиканы әртараптандыру бағытында өте маңызды мәселе — ол отандық өндірушілерді қолдау. Мәселен, мемлекеттік сатып алу аясында тиісті қадамдар жасалып жатыр.

«Біз тек қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынатын өнімдердің тізбесін 1,5 мыңнан 4,5 мыңға дейінгі тауарлық позицияға жеткіздік. Бұл өз кезегінде үлкен қолдау болады. Яғни кез келген мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік компания осы 4,5 мың тауарлық позиция бойынша ешқандай импорттық өнім сатып ала алмайды. Тек Қазақстанда жасалған тауарларды алады. Осы іс-шаралардың нәтижесінде биылдың өзінде қазақстандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттардың саны 55 пайызға өсті. Бұл келісімшарттардың жалпы сомасы 350 млрд теңгеге дейін жетті», — деді Үкімет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің өңірлерінде ірі өндірістік жобалар іске асырылып жатыр.

«Бұл өндірістер — жалпы біздің экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік беретін нысандар. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде, биыл өңделген өнім экспорты 6,4 пайызға өсіп жатыр. Керісінше, өңделген өнім импорты 7,2 пайызға төмендеді», — деді Премьер-министр.

JQ-Aqparat

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет