jasqazaq.kz

Олжас Бектенов базарлар мен үй маңындағы дүкендерді цифрландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

14 қантар, 12:02

Электрондық сауда нарығының дамуын ескере отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болған өндірушілер үшін де қауіпті азайту қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздегі нарықтың ауқымды бөлігін шетелдік интернет-алаңдар алып жатыр. Оларды отандық тауарлар экспортын арттыру үшін тиімді пайдалануға болады. Екінші жағынан, тұтынушылардың құқықтары мен зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға байланысты мәселе туындайды.
Шетелдік алаңдар түгілі, отандық маркетплейстер де сапаға кепілдік бере алмайды. Өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат көбінесе көрсетілмейді.
Бұл – сапасыз тауар сатып алған тұтынушымен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болатын өндірушілер үшін де қауіпті», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Осыған орай сауда және интеграция министрлігіне базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар әзірлеуге, әділет және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, ақпан айының соңына дейін тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірлеу жөнінде тапсырма берілді. Үкімет басшысы: «Бұл жұмысты өнімнің сапасына, зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға басымдық бере отырып жүргізу керек», — деді.

Сондай-ақ биыл наурыз айының соңына дейін отандық бизнес-қоғамдастық ұсыныстарын және мүдделі мемлекеттік органдармен және «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығымен бірлесіп, маркетплейстермен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, электрондық коммерцияны дамытуды мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу; мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін ел ішінде де, халықаралық деңгейде де тауарларды жеткізудің тиімді тізбегін қалыптастыру; цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сауда министрліктерінің алдына ұлттық пошта операторы – «Қазпоштаның» даму жоспарын әзірлеу міндеті қойылды.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?