jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Басты міндет – жиналған өнімді сақтау мен өткізу

23 қазан 2024, 10:58

Үкімет басшысы Олжас Бектенов биылғы егіс науқанынан жиналған өнімдерді жеткізу, сақтау мен өткізу бойынша бірқатар тапсырма берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу үшін қажетті шаралардың барлығы қабылданды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру көлемі алғаш рет рекордтық 580 млрд теңгеге дейін жетті. Бюджет қаражаты егіншілерді тікелей несиелендіруге, пайыздық мөлшерлемені арзандатуға және форвардтық сатып алуға бағытталды. Келесі жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, биыл ауыл шаруашылығы техникасын лизингпен сатып алуға 120 млрд теңге құйылды.

«Алдағы жылы бұл көрсеткішті 200 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, диқандар тұқыммен, жеңілдікті отын және тыңайтқыштардың жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілді. Ендігі басты міндет – жиналған өнімді сақтау мен өткізу. Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жиналған астықты төкпей-шашпай дер кезінде тасымалдауды, оны кептіріп, элеваторларға жеткізуді қамтамасыз етуі қажет», — дейді ол.

JQ-Aqparat

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?