Татарстанда Нижекамскіден келген оқушы қыз емтихан тапсыру үшін арнайы құрылғымен тексеру кезінде төстартқышын шешуге мәжбүр болған. Өз кезегінде Татарстанның білім және ғылым министрлігі аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.
Stan.kz хабарлағандай, таяуда әлеуметтік желілерде №10 қалалық мектепте оқушы қыздың төстартқышын шешуге мәжбүр болғаны туралы ақпарат тараған еді.
«Металл бар-жоғын тексеретін құрылғы қайта-қайта дабыл берген соң, оқушылардың бірі дәретханаға барып, төстартқышын шешіп, құрылғыдан қайта өткен. Қабылдау пунктінде тұрғандардың ешқайсысы оған төстартқышын шешуді бұйырған жоқ», – дейді Нижекаменск әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар баспасөз қызметіндегілер аталған оқиғаға қатысты шағым түспегенін айтты.
Татарстанның білім және ғылым министрлігінің білім беру саласындағы бақылау және қадағалау департаментінің басқарушысы Наталья Гречанникова оқиғаның болғанын растап, алайда желілерде тарағандай сипатта еместігін айтты.
«Ол қыздар металлдың бар-жоғын тексеретін құрылғыдан өтпек болғанда, құрылғы бірнеше рет дабыл берді. Ол күзетшінің бөлмесіне кіріп, төстартқышын шешіп, қайта киініп шықты. Емтихан тапсыру пунктінің ұйымдастырушылары оның мұндай әрекеткен барғанын білмеген», – дейді Гречанникова.
Білім және ғылым министрлігінің өкілі мұнда ұйымдастырушылардың да кінәсі бар екенін мойындады. Оның айтуынша, мемлекеттік емтихан комиссиясы аталған оқиғаға қатысты түсініктеме жазған.
«Олар бұл оқиғаға араласпаған. Баланың қиналып тұрғанын көргеннен кейін, оны жеке алып шығып, жеке жұмыс жасау керек пе еді. Ал қатты қиналған қыз барып, іш киімін шешкен. Әрине, мұндайға жол беруге болмайды», – дейді ведомство өкілі.