jasqazaq.kz

Оқулық жазғандар «Мейірімді» қалай түсінеді?

01 ақпан 2018, 17:12

1-сынып. «Өзін-өзі тану» пәніндегі «мейірім» жайлы жазылған мәтін. Сіз не түсіндіңіз?
Иә біз өзі балаға онсыз да ештеңе түсінбейді деп «ути-путимен» тәрбиелеп келеміз. Ал ғалым Жак Фреско баланың басына қайдағы жоқтың бәрін тыға беруді қою керек. Оларға кішкене кезінен өзіңізге түсінікті тілде сөйлеп үйрете беріңіз. Ол есінде қалады дейді. 

Шынымен-ақ, адамның миындағы нейроандар балаға түсіндіріп бермейтін болар, бірақ жадында қалып отырады.

Ал мына мәтінді жазған автор «бала тілі — бал ғой», жүйкесін ауыртпайтын деп мысал жазған болар. Бірақ өзінің жазғанын өзінің баласы оқып көрді ме? Не басы жоқ, не аяғы жоқ мәтін. Мейірім деген сөзді түсіндіруге тырысып жатқан ата-ана енді бақытсыздық деген сөзді түсіндіру керек. «Бақытсыздық деген» деп аяқтағанша, «мейірім дегеніміз осы» деп аяқтаса да жеткілікті.
Мына мәтіннің авторы әлеуметтік роликтерді көп көріп, содан пәтуа шығарған адам немесе жүйелі бір мәтен түзуден бейхабар жан.

Бұдан бөлек «Дүниетану» сабағынан мынандай сұрақ берген:
Саяхатқа шығарда қалай дайындаласың?

1) Билет
2) Баратын жер
3) Мақсат

Осы тапсырма бойынша оқушы ретімен қойып шығу керек екен. Ал мектепке енді келген бала «билет» деп жауап береді. Ол үйінде әке-шешесінің «мақсатымыз сонда бару» деген әңгімесін емес, «билетті алдың ба» деген сөздерін естіп өссе, «мақсаттың» не екенін қайдан біледі? Бір сөзбен айтқан кезде балаңыз «билет» деп жауап бергені үшін төмен баға алып, ата-аналар жиналысында сөгісті сіз аласыз. Сондағысы «мақсат» деген сөзді бірінші қоймағаны.
Мектеп бағдарламасындағы кез келген мысал болсын, мәтін болсын балаға түсінікті болуы керек. Егер ол түсінбей, ата-анасынан сұраса, ата-анасы оған түсіндіріп беру үшін уақытын бөлсе бала мектепке не үшін барады? Оқулықты не үшін сатып алады?
Қазір байғұс ата-аналар уатсап желісінде группа ашып, балаларының үй жұмысын жасайды. Сондағысы балам білмей қалмасын деп емес, басқасынан қалып қоймасын дегені ғой. Ең қызығы совет үкіметінде білімнің ең кереметін алған ата-аналардың өзі түсінбей дал.
Жыл сайын еліміздегі университеттерден сауатты филолог студенттер бітіреді. Солар жүр әлі жұмыс таппай. Болмағанда осындай мысал, мәтін түзуге соларды жалдаса болады ғой. Ал мынау сол жалдаған адамның жұмысы болса, білім жүйесіне айтарым жоқ!

Margulan Aqan, Facebook парашасынан

09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады