jasqazaq.kz

Оқуға түсуге көмектесемін деп ақша алған алаяқ ұсталды

01 наурыз 2018, 12:39


ОҚО тұрғындарын бейтаныс адам оқуға түсіріп беремін деп, ақшасын алып жоғалып кеткен. Осы туралы айтып жергілікті тұрғындар полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, деп хабарлайды stan.kz.

Сарыағаш АІІБ ПБ-нің кезекші бөліміне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданған.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша оның ұлын оқу орындарының біріне оқуға түсіріп беретінін уәде етіп, 700 мың теңгесін алып, жоғалып кеткен.

Полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ол 25-30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінгі күні полиция қызметкерлерімен күдіктінің алаяқтықтың 6 жайтына қатысы бары анықталды.

Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрап отыр.
Қазіргі таңда алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді