jasqazaq.kz

ОҚО тұрғындары 300-ден астам қару тапсырды

04 маусым 2018, 13:41

10 сәуірден Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде, — деп хабарлайды ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Акцияның басты мақсаты – атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы құқықбұзушылық пен қылмыстарды алдын алу болып табылады. Акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 17 миллионнан астам теңге бөлінді.
Акция басынан бері облыс көлемінде 196 азаматпен 322 дана отты атыс қаруы, оның ішінде 47 ойық, 283 дана тегіс ұңғылы қару және 1 ойық карабин мен 1 дана жарақатты тапанша ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырылды.

Арнайы құрылған комиссияның қажетті рәсімдерін жүргізгеннен кейін 13 миллион теңгеден астам сомаға қаруды сатып алу туралы 251 шешім қабылданды.
Өз кезегінде ОҚО полицейлері заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға өткізгісі келетін тұрғындарға кез келген қала, аудан ішкі істер бөліміне арыздана алады. Тұрғындар арыздарында өзі   туралы мәліметті, өткізіліп жатқан қару түрлерін, маркасын, калибрін, қарудың нөмірін, оқ-дәрілер саны мен оларды алу көздерін (сатып алу) көрсету керек.

otyrar.kz

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді