jasqazaq.kz

ОҚО шегірткемен күреске ұшақтарды тартып жатыр

04 маусым 2018, 17:27

Оңтүстік Қазақстан облысында марокколық шегірткені дәрілеуге 6 ұшақ пен 74 техника тартылды. Бұл туралы «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Әлім Арапбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық басшысының сөзінше, қазір өңірде шегірткеден келер аса қауіп жоқ. Соған қарамастан дәрілеу жұмыстары жалғасуда. Оған 6 ұшақ пен 74 арнайы техника жұмылдырылуда. «Өткен жылы сәуір айында күн бірден жылынып кеткен соң, құрғақшылық болып 172 мың гектар жерді артық дәріледік. Ал биыл 341 мың гектарға жоспарладық. Дер кезінде өңделгені 260 мың гектар болып тұр. Соның арқасында шегірткенің жаппай қаптауына қауіп жоқ»,- деді Әлім Арапбаев. Маманның айтуынша, өңірде жоспарланған аумақтың 76 пайызы дәріленіп үлгерген. Қалған 170 мың гектар жерге кезең-кезеңімен арнайы химикат себілетін болады. Қазірдің өзінде шегірткенің бұл түрі 13 ауданнан кездесіп отыр. Негізгі жұмыстар Сарыағаш ауданында жүргізіледі. Онда 56 пайыз аумақ дәрі шашылған. Ал Арыс ауданында — 20, Сайрам ауданында — 90, Қазығұрт ауданында — 75 пайыз жерлер дәріленген. Енді Шардара, Сарыағаш аудандары мен Түркістан және Арыс қалаларында залалсыздандыру шаралары қолға алынған.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді