jasqazaq.kz

Нұрлан Ноғаевтың жүрегін ауыртқан кім?

24 сәуiр 2018, 14:27

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев соңғы қоңырау жақындағын тұста қалтасы жұқаратын ата-аналардың жағдайына алаңдады. Әкім әлеуметтік теңсіздікті болдырмау үшін қымбат көйлек алып жарысатын бәсекелестікті доғаруды тапсырды.
Nur.kz хабарлағандай, «Кеше ғана мен бір топ ата-аналармен кездестім. Шағым қылып айтқаны: Оқытушылар, мектеп бітіруші сыныптың оқытушылары мектепке, бізге естелік ретінде сыйлық тапсырыңдар деп тапсырмалар береді, бермесе де сондай ниеттеріміз бар дейді екен.
Бір ата-ана алатыны 150 мың теңге жалақы екенін айтты. Мектеп бітіретін қызы екі көйлек киетінін айтқан. Ол 350 мың теңгеге шыққан.
Бала түсінбейді, бөлмесін жауып алып жылап, «жұрттың балаларында барлығы бар, әке-шешелері оларға бәрін жасайды сендердің қолдарыңнан түк келмейді» деп айтқан. Енді әке-шешесі несие алғалы отыр.
Міне, осындай әлеуметтік шиеленіске жетіп жатыр. Сондықтан мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге бағалы сыйлық алуға тыйым салынады», — деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Мектеп бітіру шараларын қатаң қадағалауды тапсырған әкім ата-аналардан ақша жиналмауын бақылайтынын айтты.
«Тағы бір айта кететін нәрсе, «ағымдағы жөндеуге ата-аналардан қаражат жинайды» деген нәрсе.
Біз жыл сайын ағымдағы жөндеуге қажетті деңгейде қаражат бөліп отырмыз. Өткен жылы 116 миллион теңге бөлдік. Бұрын 500 не 1200 орындық мектеп болса да шартты түрде 300 мың теңге бөлетін болсақ, қазір мектептің ауқымына, алаңына қарап отырып әрқайсысына сәйкесінше қаражат бөліп отырмыз. Биыл 135 миллион теңге бөлінді.
Қайырғали Рысқалиұлы, мынаның барлығын зерделедіңіз ғой? Жете ме барлығы? Пердеге, бояуға керек, тағы бір нәрсеге керек деп ата-аналардан қаражат жинауды қою керек. Тоқтату керек. Егер керек болса айтыңыз, 135 миллион бізге жетпейді, тағы керек деп айтыңыз», — деді Ноғаев мамандарына қатаң ескерту жасап.

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті