Жуырда 21 жасын атап өткен Aeka Posh тағы да ел назарында! Лидия Каденнің экс-келіні туған күн кешінде Нұрлан Еспановтың ұлымен бірге көзге түсті, деп хабарлайды Stan.kz.
Бүркіттің фильмінде басты рөлді сомдаған актриса меншікті мерекесіне жақын достарын шақырған. Олардың арасында сазгер Нұрлан Еспановтың келбетті ұлы Олжас та бар.
Желіде тарап кеткен видеода Олжас пен Айым вальс биін билеуде. Мұны көрген желі оқырмандары екеуінің арасында сезім оты тұтанған болуы мүмкін деп болжауда.
Айта кетейік, 21 жастағы Айым жуырда ғана актер, әнші Дидар Кәденмен ажырасқан болатын.