Жақында қазақстандық актер әрі продюсер Әнуар Нұрпейісов әлеуметтік желілерде Сингапурдің жергілікті тұрғындары, атап айтсақ қытайлар туған тілінде емес, ағылшын тілінде жиі сөйлейтінін жазған еді. Шоу-бизнес өкілінің бұл әңгімесі интернет қолданушыларының қытығына тиді. Олар актерді сынға алып, этникалық қазақ туған тілінде сөйлеуі керектігін алға тартқан. Мұнымен келіспеген Нұрпейісов қай тілде сөйлеу керектігін әр адам өзі шешетінін айтып, өзін сынағандарға жауап ретінде видеоролик дайындады.