jasqazaq.kz

Никита мен Линденнің жылдық табысы – 328 миллион теңге

01 ақпан 2023, 17:00

Ресейлік «Спорт-Экпресс» сайты қазақстандық «Барыс» хоккей клубының ойыншылары жылына қанша жалақы алатынын жариялады. Ең көп айлықты Никита Михайлис пен Линден Вей алады. Олардың жылдың еңбек ақысы 328 миллион теңге. Айына орта есеппен 27 300 000 теңге жалақы төленген бұл екі ойыншыға. Бір айда Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтердің ақысына пара-пар жалақы алған.

«Барыс» сапында ойнайтын қорғаушылар Самат Даниярдың жылдық табысы 32 800 000 теңге. Әділ Бекетаевтың бір жылдық еңбекақысы 26 240 000 теңгеге жетіп жығылады.

Ай сайын 27 миллион теңге жалақы алатын Никита Михайлис Қарағандының тумасы. Ал Линден Вей канадалық легионер. Астаналық «Барыс» сапында бұған дейін де ойнаған. «Барыстың» Михайлис пен Вейден өзге де шабуылшылары қомақты жалақымен жан бағады. Мысалы Вейдің жерлесі Майкл Шапю жылына 170 миллион теңге жалақы алады. Америкалық Энтони Луис тің де табатын жылдық еңбекақысы Шапюге жетеқабыл.

Құрлықтық хоккей лигасының турнир кестесінде «Барыс» көш соңынан көтерілген емес.

JQ-Aqparat

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды