jasqazaq.kz

Несиені оңды-солды беруді тоқтату керек

23 ақпан 2023, 16:27

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев қарызын қайтара алмайтын азаматтарға кепілсіз несие беруді шектеуді ұсынды.

Сенат төрағасы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң осы жылдың наурыз айында толық күшіне енуге тиіс екенін еске салды. Ол өмірде қиын жағдайға тап болған борышкерлерге мемлекет жағынан көмек көрсетуге бағытталып отыр.

М.Әшімбаев болашақта банкроттық жағдайдың көбеймеуі үшін қаржы ұйымдары қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін тексеруге жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін айтты: «Біз тұтынушылардың қарызы көбейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Былтырғы қорытынды бойынша несие беру 25 пайызға артып, оның көлемі 7,7 трлн теңгеге жетті. Бұл — тұтыну несиесі. Сондықтан болашақта банктер кепілсіз несие алатын адамдарды мұқият тексеруі үшін заңнаманы қатаңдату мәселесін ескеру керек. Егер біз осы бағытта нақты қадамдар жасамасақ, несие беру көбейіп, одан келетін экономикалық және әлеуметтік жағдайдың салдарынан банкроттыққа ұшырайтындар қатары да арта береді».

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі