Facebook желісінде Германия астанасына жақын маңдағы немістердің Қазақстан туралы ән шырқап, туын көкке көтеріп жатқан видеосы пайда болып, желі қолданушыларын сүйсінтті деп жазады Nur.kz.
Видеода немістердің Қазақстанды, Астананы, ұлттық тағамымыз «бешбармақты» әнге қосып, сағынышын жеткізіп жатқанын байқауға болады. Олар тіпті, көк туымызды көкке көтеріп, билеп жүр. Немістердің жантебірентерлік ән шырқаған видеосын Аслан Сәбит есімді желі қолданушысы өз парақшасына жүктеген.
«Немістер жарайсыңдар! Жақсылыққа жақсылық істей алатын халық», — деп жазба қалдырған ол.
Мұны көрген желі қолданушылары жағымды пікірлерін білдіріп, неміс халқының ақ пейіліне сүйсініп жатыр.
До слёз (пригород Берлина)*****************************Немістер жарайсыңдар! Жақсылыққа жақсылық істей алатын халық.Наши немцы навсегда остались настоящими патриотами родного Fürterland, который остался в их сердцах и воспоминаниях о далёких ковыльных степях и живописных горах
Опубликовано Aslan Sabit 10 марта 2018 г.