jasqazaq.kz

Нан бағасы не себепті өзгере береді? Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

26 желтоқсан 2024, 17:34

Елімізде нанның бағасы соңғы уақытта айтарлықтай өскен. Бұл туралы Jas Qazaq-қа ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков хабарлады.

Вице-министр Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп, 2024 жылдың 17 желтоқсанында нанның орташа бағасы 111 теңгеге жеткенін мәлімдеді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 102 теңге болатын. Яғни, бір жыл ішінде нан 8,8 пайызға қымбаттаған.

Баға әр өңірде әр түрлі. Мысалы, Семейде нан 124 теңге болса, Ақтөбе облысында ең арзан нан 87 теңгеден сатылуда.
Нан бағасы тек наубайханаларға ғана емес, бидай мен ұнға да байланысты.

Ұнның бағасы да әр түрлі. Ең қымбат ұн Ақтауда — 307 теңге, ал ең арзан ұн Петропавлда — 150 теңге. Жалпы алғанда, ұнның орташа бағасы өткен жылмен салыстырғанда 240 теңгеден 223 теңгеге түскен.

“Нан бағасы неге өзгеріп жатыр?” деген сауалға министрлік былай деп жауап берді:
* Бидайдың нарықтағы бағасы;
* Коммуналдық қызметтер мен тасымал шығындары;
* Ішкі және сыртқы нарықтағы сұраныс.

Қазақстан жыл сайын 14 миллион тонна бидай өндіреді. Оның жартысынан көбі ішкі нарыққа, яғни халықтың тұтынуына және ұн өндіруге кетеді. Бидай мен ұн экспортынан Қазақстан әлемде алдыңғы қатарда.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өндіру көлемін көбейту арқылы бағаны тұрақтандыруға тырысып жатқанын хабарлайды. Халық үшін ең маңыздысы – нанның қолжетімді болуы деп білеміз.

Олжас Әбдіхалық

Сурет: aksaynan.kz

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет