jasqazaq.kz

Н.Назарбаев: Қазақ тілін меңгеруді де ұмытуға болмайды

09 сәуiр 2018, 17:06

Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдап, бірқатар мәселелерді талқылады.

 Stan.kz  хабарлағандай, кездесу барысында мемлекет басшысына 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының атқарылу барысы жөніндегі есеп ұсынылды.Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлы саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісінде білім беру жүйесінің рөлі үлкен екенін атап өтті. Сондай-ақ елбасы бөлек пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесіне тоқтала кетті.
«Пәндерді ағылшын тілінде оқу жоғары сынып оқушыларына жүреді. Балаларға қазірден ағылшын тілін үйретпесек, болашақта толыққанды кадр даярлау жұмысын жүргізе алмаймыз. Бұл – заман талабы, оған ата-аналар түсіністікпен қарауы тиіс. Бірақ қазақ тілін меңгеруді де ұмытуға болмайды», – дейді елбасы.
Білім және ғылым министрлі бөлек пәндерді ағылшын тілінде үйретуге ұстаздардың дайындығы туралы айта кетті.
«2016 жылы небәрі 2 мың мұғалім пәндерді ағылшын тілінде жүргізді. Ал өткен жылы қажетті курстан өтуге 11,5 адам өтініш білдіріп, олардың 3 мыңы курсты аяқтап, сабақ бере бастады. Тағы 8 мың ұстаз білімін шыңдап, жаңа кезеңге өтіп жатыр. Осылайша, 2019 жылы 13,5 мектеп мұғалімі төрт пән бойынша ағылшын тілінде сабақ береді», – деп атап өтті Сағадиев.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды