jasqazaq.kz

Н. Ермекбаев: Бай мұраларымызды қайта жаңғырту үшін жұмыс жасау керек

02 наурыз 2018, 11:52

ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев діннің дәстүрлі қағидаларын дұрыс түсіндіру үшін ғұламалар мен имамдарды жұмылдыруға шақырды. Бұл туралы ол елордада өтіп жатқан Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында мәлім етті.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Тарихтың дамуы барысында ислам біздің даламызда өмір сүрген халықтардың көбі қабылдаған негізгі дін болды. Ол үнемі рухани дәстүрлермен сабақтастықта дамыды. Бабаларымыз сан ғасырлық ескерткіштермен тарихи жәдігерлердің бай рухани мәдениеттің мұрагері атанды. Ислам дінін татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні екенін әрдайым өз ісімен көрсетіп келеді. Бізге осы мұраны сақтап қалу, өте маңызды. Халыққа діннің дәстүрлі қағидаларын дұрыс түсіндіру үшін Құран мен хадистерге негізделген білікті ғұламалар мен имамдарды жұмылдырып, бізге жеткен бай мұраларымызды қайта жаңғырту үшін жұмыс жасау керек деп санаймыз», — деді министр.

Осы орайда ол діннен ең алдымен рухани, моральдық, этикалық құндылықтарды алу керектігін атап өтті. «Қазақстанның этносаралық, дінаралық келісімнің үлгісін бүгінгі күні әлем елдері мойындады. Еуразия жүрегінде орналасқан Астана діндер арасындағы өзара түсінік пен диалогтың жаһандық алаңына айналды. Қасиетті Құранда жақсылық жасағанның жақсылығы еселенеді деп жазылған. Ислам дінінің сенімі мен этикалық нормалары Құранда айтылғандай, адамды бірлікке, бейбітсүйгіштікке қайырымдылық пен төзімділікке үйретеді. Ислам діні басқаша ойлайтындарға төзімділік көрсетуді, ойлау еркіндігін ғасырлар бойы көрсете білді», — деді Нұрлан Ермекбаев. Айта кетейік, Еуразия мұсылман ғұламалары форумына Орталық Азия мен Еуропаның 21 елінен 35-тен астам делегат қатысуда. Олардың арасында бас мүфтилер, дін қайраткерлері, зиялық қауым өкілдері, теолог-ғалымдар, өңірлердегі бас имамдар бар.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді