jasqazaq.kz

Мұнайы жоқ Эстонияда қоғамдық көліктің жолақысы тегін

07 маусым 2018, 16:02


2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Эстонияда қоғамдық көліктің барлық түрінде жолақы алып тасталады.   

Tengrinews.kz  хабарлағандай, бес жыл бұрын ел астанасы Таллин тұрғындары референдум кезінде биліктің эксперементалды тегін жол жүру бастамасын қолдаған. Алайда мұндай игілікке тек қала тұрғындары ие, бұл екі еуроға сатып алынған арнайы «гринкарта» арқылы жүзеге асады. Енді бұл тәжірибе елдің өзге аймақтарында да қолданылады екен. «Ақысыз көлікті қолдана бастағалы бері біз шығындалған сомадан екі есе артық пайда көрдік», — дейді Таллиндегі Еуроодақ кеңсесінің төрағасы Аллан Алакюла. Көліктің тегін болуы тұрмысы төмен тұрғындар мен қатар қалталы азаматтарға да пайдалы болып шықты. Қалада мейрамханалар, кафе мен дүкендерге келушілер саны артқан. Қаладағы көліктің тоқтаусыз ағысы азайған. Қазіргі таңда Эстонияның 15 округі 1 шілдеден бастап мемлекеттік бағдарлама бойынша қоғамдық көлікті тегін етуге дайын екендігін білдірді. Ал қалған аймақтар әлі шешім қабылдаған жоқ.
.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр