Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы біршама көтерілді.
Лондонның ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,8 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 65,49 доллар болды. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айында жеткізілетін фьючерстері 1,92 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 62,04 долларды құрады.