Мұнай бағасы барреліне 108 доллардан асты 

13 мамыр 2022, 14:55

Жұма күні таңертеңгі саудада Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108,82 долларға дейін көтерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбі күнгі саудада бұл маркалы мұнай баррелінің құны 108,71 долларға жеткенімен, күн соңында 107,45 доллар болды. 13 мамыр күні таңертеңгі жағдай бойынша элиталық мұнай маркасының бағасы 1,28 пайызға өсіп, барреліне 108,82 долларды құрады. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 107,25 доллар болды.

«Қара алтынның қымбаттауы Ресей мен Украина арасындағы соғыс салдарынан энергия тасымалдаушылар жеткізілімінің төмендеу қаупімен байланысты», — делінген хабарламада.

Еуроодаққа мүше елдердің өкілдері Ресейден мұнай импортына тыйым салу үшін бірнеше елдің басшыларымен кездесулер өткізуде. Екінші жағынан, ресейлік мұнай өндірісінің құлдырауы әлемдік нарықта жеткізілім тапшылығына қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметінше, сәуір айында ресейлік мұнай өндірісі тәулігіне шамамен 1 миллион баррельге азайды.

Бұған Батыс санкциялары аясында мұнай өнімдері экспортының төмендеуі, ішкі сұраныстың азаюына байланысты мұнай өңдеу зауыттарының мұнайды әлдеқайда аз өңдеуі себеп болып отыр.

Бүгін, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
Бүгін, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды
11 сәуiр, 15:25
Түркістан полициясы жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
11 сәуiр, 15:02
Түркістан: Полиция ұрлық жасағандарды жылдам табады