jasqazaq.kz

Мұғалімдер кәсіби бағдар бойынша тренинг курстарына қатысты

16 қантар 2018, 16:12


Батыс Қазақстан облысының мұғалімдері кәсіби бағдар бойынша тренингтерді жүргізуді меңгеру курстарына қатысты.

Аталған шеберлік сағаттары «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының аясында өткізілген.

Мұғалімдер 8-10 сынып оқушылары мен ата-аналарына кәсіби бағытталған тренингтерді жүргізуді үйренді, сонымен қатар қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді. Тренингтерге барлығы 50 мұғалім мен психолог мамандар қатысқан, олардың отызы аудандық мектептерден келген.

«Өмірлік таңдау» – бұл қазақстандық оқушыларды жұмысшы мамандықтармен таныстыруға бағытталған ауқымды жоба. Іс-шара аясында техникалық кәсіптерге деген құрметті ұялату, жастар арасында мамандық таңдаудың маңыздылығын кеңінен түсіндіру сынды мәселелердің шешімін табу көзделген.

Жоба 8, 9 және 10 сынып оқушыларына дұрыс мамандық таңдауды, кәсіби бағдар жұмыстарын үйретуді мақсат етеді. Қазіргі кезде жастар арасында жұмысшы мамандығын естісе, көздеріне кір-қожалақ болып, қолына күрек алған қара жұмысшы елестейді. Бұл әлбетте стереотип. Қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтарға машина жасау автоматтандыру және басқару секілді, былайша айтқанда «таза жұмыстар» бар. Қазір техниканың дамыған заманы, бірақ елімізде сол технканы басқаратын адами ресурс жоқтың қасы. Сондықтан осы мәселені шешуді мектеп оқушыларынан бастауды жөн көрдік. Тренинг қорытындысы бойынша 250 педагогтың ішінен әр облыстан 1 педагог, яғни 5 үздік тренерді іріктеп алып, оларды Ресей Федерациясының үздік тренинг орталығында оқытатын болады, — дейді жобаның менеджері Сұлтан Темірлан.

Айта кетейік, аталған жоба Павлодар мен Оңтүстік-Қазақстан облыстарында өз мәресіне жетті. Жобаның үшінші кезеңі Астана қаласында өтетін форуммен қорытындыланбақ.

Жоба аясында оқушыларға қалаған маман иелерінің жұмыс барысымен танысу үшін аймақтық кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастырылады. Оған қаланың іріктелген төрт мектебінің 300 оқушысы қатысады.

Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады.

Оқу жылының соңына дейін 40000 астам 8-10 сынып оқушылары мен 200 мұғалім қамтылуы жоспарланған. Сонымен қатар, аталған бағытта әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан