jasqazaq.kz

Мұғалім мектепте босанып, баласын дәретханаға тастап кеткен

24 сәуiр 2018, 17:20

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Некрасов ауылында жергілікті мектепте педагог-психолог қызметінде жұмыс істейтін жас келіншек мектепте босанып, шақалағын оқу ордасындағы дәретханаға тастап кеткен деп хабарлайды Sn.kz порталының тілшісі. Бұл туралы ақпаратты осы мектептің директоры Нұрсипа Көсенқызы растап отыр.

Оқиға 7 сәуір күні болған екен. Алайда, бұл туралы ешкім тіс жармаған. Тек әлеуметтік желіде тараған ақпараттан кейін ғана мектеп басшылары мен аудандық Білім бөлімінің басшысы Сәуле Орынбаева қайғылы оқиғаның болғаны өтірік еместігін айтты.

«Менің өзім мектептің директорынан естідім. Қылмыстық іс қозғалған болар, бірақ ол туралы ақпаратым жоқ. Бізде әзірге толыққанды ақпарат жоқ», – деді ШҚО Үржар аудандық білім бөлімінің басшысы Сәуле Орынбаева.

Өкінішке қарай, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмапты.

«Бала қайтыс боп кеткен. Мұғалім тұрмысқа шықпаған. Ол бізде педагог-психолог болып жұмыс істейді, шынын айтсам жақын танымаймын», – дейді мектеп директоры Нұрсипа Көкенқызы.

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті