jasqazaq.kz

Мұғалім «екілік» бағаны оқушылардың маңдайына қойған

16 мамыр 2018, 10:44

Өзбекстанның Халық білім беру министрлігі Ташкент облысы Бекабада қаласындағы №5 мектептің директоры жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
Tengrinews.kz хабарлағандай, бұл мектептегі мұғалім бірінші сынып оқушыларының маңдайына «екілік» баға салып бергені үшін басы дауға қалған, — деп хабарлайды Gazeta.uz интернет-басылымы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұның алдында жергілікті басылымдар Бекабада қаласы мен Ташкент облыстық халықтық білім беру басқармаларының ерекше оқу үлгерімін бағалауда «ерекше әдіс» қолданған мұғалімге қатысты тексеріс басталғанын хабарлаған еді. Қақ маңдайына «екілік» баға сызылған балалардың суреті әлеуметтік желілерде таралған.


Сонымен қатар, осы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және рухани ағарту ісі жөніндегі орынбасары қызметтік міндетін атқаруды салғырттық танытқаны үшін қызметінен қош айтысыпты. Бірінші сыныптарға сабақ беретін тағы екі мұғалім жұмысынан айырылған. Ал қалалық халық білім беру бөлімінің жетекшісіне сөгіс жарияланған. Ташкент облыстық халық білім беру басқармасының басшысы мұғалімнің әрекетінен зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесіп, олардан кешірім сұраған. Ендігі кезекте педагогтардың әрекетіне құқық қорғау органдары құқықтық баға береді.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен