jasqazaq.kz

Мөлдір Әуелбекова: Бере беріңіздер, мен ала беремін (видео)

15 мамыр 2018, 17:15


Қызылорда өңірінде ән кешін берген Мөлдір Әуелбекова домбырасының тиегін жоғалтып алып, орнына қаламсапты қолданыпты. Алайда мұны естіген залдағы көрермендердің бірі әншіге тиек әкеліп берді.

Stan.kz   хабарлағандай, домбырасының тиегін жоғалтып алған Мөлдір Әуелбекованы залдағы көрермені «құтқарып қалды» .Әншінің сөзінше, баласы домбыра шертіп отырғанда тиегі жоғалып қалған. Қаламсапты кесіп, тиектің орнына қолданған Мөлдір бұл жайды кеш барысында көрермендеріне айта кетіпті.

«Бір қызығы, балам домбыра ойнап отырып тиегін таппай қалған жайымыз бар. Сахнаға қаламсаптан өзім кесіп, тиек жасап шыққанмынымды халыққа айтып тұрған сәтімде, көрермендер арасынан бір апам шығып тиек беріп, аман қалдық. Сыр елі мықты!» – деп жазды әншінің өзі.

Сондай-ақ әнші осы сәт түсіп қалған видеоны да жариялады. «Жаным, апа, тиекті қайдан алып жүрсіз өзіңізбен бірге? Мынау не деген Сыр елі? Тиекті де өзімен алып жүреді. Ал шығара беріңіздер, өздеріңізбен бірге тағы не алып жүрсіздер? Бере беріңіздер, мен ала беремін», – дейді әнші видеода.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен