jasqazaq.kz

Молда теріс дінді насихаттады деп айыпталуда

28 ақпан 2018, 11:15

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында басқа емес, имамның өзі теріс уағыз жасаған болып шықты. Қарабұлақтағы мешітте имам қызметінде болған азаматқа құзырлы орындағылар теріс дінді уағыздап, тұрғындар арасында алауыздықты қоздырғаны үшін айып таққан, деп хабарлайды 31 арна.

«Жамағатқа уағыз айтуда экстремистік идеологияны насихаттады» деген молданың ісі қазір аудандық сотта қарала бастады.

Қырық бес мыңдай халқы бар Сайрамның Қарабұлақ ауылында жиырма үш мешіт бар. Имамға бой түзеп, соған ұйыдық дегендер теріс уағызынан хабарымыз жоқ деп отыр.
«Жақсы кісі еді. Имамға ұйып намазымызды оқып жүрдік. Басқа тірліктерін білмеймін, бірақ», — дейді тұрғын Рахымжан Мамедов.

Мешіттің наиб-имамы бұрынғы әріптесі жайлы пікір айтудан қашқақтады. Бұрын бірге жүрдік, ағайын-туыстары дұрыс түсінбеуі мүмкін дейді.

«Оның әке-шешесі бар. Туыстары бар. Жұмыс орны болғандықтан бірге келіп-кетіп жүргенбіз, сәлеміміз түзу болды. Ол туралы ешнәрсе айта алмаймын», — дейді Қарабұлақ ауылы мешітінің наиб-имамы Жамалхан Құрбантаев.

Имамды айыптаған іс бойынша қазір алғашқы отырыс қана өткен. Ол қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігімен, яғни дiни алауыздықты қоздыру дерегімен жауапқа тартылуда.

«А.С. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс Сайрам аудандық сотының өндірісіне келіп түсті. Қылмыстық іс қазір қаралып жатыр», — деп атап өтті ОҚО Сайрам аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Сабыр Мейрамбаев.
Діни экстремизге қатысты биылдың өзінде Сайрам ауданында үш азамат сотты болыпты. Бұл төртінші жағдай. Егер имамның қылмысы дәлелін табатын болса, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

 

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді