Қазан қаласының 22 жасар тұрғыны, өз көлігінің салонында әлеуметтік желіде тікелей байланысқа шыққан сәтінде көз жұмды. Жол апаты 23 наурыз күні Татрстанның Зеленодольский ауданында Қазан-Дубьязы трассасының 10 шақырымында орын алды. Бұл туралы аудандық жол полиция басқамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, zakon.kz хабарлады.
«Сәлем! Кім не істеп жатыр? Кім қайда бара жатыр?»- деген Ситора желідегі оқырмандарына тікелей байланысқа шыққан. Бірнеше секундтан кейін ол келген хабарламаларға назар аударамын деп, көлікті дұрыс басқара алмай қарама-қарсы беттегі автобусқа соғылады. Ауыр жарақат салдарынан жас қыз оқиға орнында қаза тапты.