jasqazaq.kz

Мирас Нысанәлиев: Наурызбай ауданында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде әлеуметтік нысандар салынуда

12 маусым 2024, 17:49


Алматы қаласының Наурызбай ауданы қарқынды дамып келеді. Қазір мұнда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар көп салынып жатыр. Біз Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиевқа жолығып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асқан жобалар жайында тілдестік.

Мирас Нұрланұлы, біз Наурызбай ауданының қарқынды дамып келе жатқанына қуаныштымыз. Ауданда мемлекеттік -жекеменшік әріптестік жобасы аясында бірнеше нысанның салынғанын білеміз. Осы жайында айтып берсеңіз.

— Наурызбай ауданының құрылғанына биыл он жыл болды. Ауданның әл- ауқатын көтеруге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бастапқыда тұрғындар саны 61 мың адам еді. 5000-ға жуық оқушысы бар 3 мектеп қана болды. Ал қазір аудандағы мектеп саны 30-ға жетті. Оның ішінде 12 мемлекеттік мектеп, 1 НЗМ, қалған 17 — жекеменшік мектеп. Бұл жобалар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүзеге асты. Қазір аудан халқының саны 220 мыңға жетті, оқушылар саны 30 мыңнан асты. Аудандағы көп қабатты үйлердің саны 500-ге жетті. Бұл өте қысқа уақыт ішінде қала салынды деген сөз. Аудан құрылған кезде бюджетке түскен салық 300 млн теңге болған, ал бүгінгі күнде 30 млрд теңгеден асады. Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны артты. Ауданның дамуына олардың да үлесі бар.

Тұрғын саны өскен сайын, мектеп санын көбейту керек. Биыл 4 мектеп жаңадан пайдалануға берілді. Кейбір мектептерге қосымша ғимараттар салынды. Қазір ауданда күрделі жөндеуді қажет ететін №188 мектеп қалды. Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» жобасы да жүзеге асырылуда. Биыл осы жоба бойынша 3 жаңа мектеп салынып, келер жылы пайдалануға берілмек. 5500 орынға лайықталған мектеп екі ауысыммен оқығанда 11 мыңға жуық баланы біліммен қамти алады. Осының бәрі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жүзеге асты. Алматы қаласы бойынша мектеп тапшылығы жоқ ауданның біріміз деп айта аламыз. Бүгінде Шұғыла ықшам ауданында екінші мектеп салынып жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. «Нұрлы дала», «Алма Сити» тұрғын үй кешендеріне жақын жаңа мектептің құрылысы басталды.

— Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектептен бөлек, тағы қандай маңызды нысандар салынды?

— Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында ең алдымен мектеп, емхана сияқты әлеуметтік маңызды нысандарға басымдық берілді. Наурызбай ауданында халықтың денсаулығын сақтауға емхана, кішкентай бүлдіршіндерімізге арналған балабақша нысандарын салу да жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 3 балабақша салынады. Сондай-ақ балабақшаға қосымша ғимарат салу жобасы қарастырылуда. Бүгінде жобалық сметалық құжаттары дайындалып, алдағы айда құрылысы басталады.

Бүгінде аудан бойынша төрт емхана бар. Алдағы уақытта 500 орынға арналған емхананың құрылысы басталады. Оның жобалық-сметалық құжаттары дайын. Ол ашылса, «Нұрлы дала», «Әлем Сити», «Қалқаман», «Премьера», «Шұғыла» шағын аудандары тұрғындарын қамтып, жүктемені жеңілдетеді. Ал «Тау самалы» ықшам ауданында 500 орындық емхана салынған болатын. Ол ықшам ауданда 40 мыңнан аса тұрғын бар.

— Наурызбай ауданында, мемлекеттік- жеке меншік әріптестік шеңберінде салынған балабақшалар бар ма?

— Иә, бүгінде мемлекет пен жеке инвесторлар бірлесіп, ауданымызда мектеп, аурухана, балабақша сынды тұрғындарға қажетті нысандарды салуда. Әрине, бұл өз кезегінде тұрғындар үшін жайлы аудан қалыптастыруда маңызы зор. Балабақша құрылысына тоқталатын болсам, ауданымызда 5 балабақша бар. Жуырда тағы бір балабақшаның құрылысы басталды. Дегенмен 9-10 балабақша болса да, оның өзі ауданымызға аздық етеді. Өздеріңіз білесіздер, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама аясында мемлекет балабақшаның жарты ақшасын төлейді, ал қалғанын ата-ана өзі төлейді.

Бұл да мемлекет тарапынан халыққа үлкен қолдау. Аудандағы 139 жекеменшік балабақша бүгінде сәбилерді қарап, өз қызметін көрсетуде. «Балапан» бағдарламасы аясында Наурызбай ауданында 7500-ге жуық бүлдіршін балабақшаға барды. Егер мұндай бағдарлама болмаса, 7500 бала үйінде отырар еді. Мемлекет тарапынан қаржыландыру ешқашан тоқтаған емес. Сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында дене шынықтыру және сауықтыру орталығын ашу жоспарланды. Бұл да аудан тұрғындары үшін маңызы зор нысан болмақ.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева,
Алматы қаласы

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата