jasqazaq.kz

Министр портретін кабинетінің кіре берісіне ілген шенеунікті сынап тастады

27 ақпан 2018, 17:06

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев өз портретін кабинет есігінің жанына іліп қойған қарағандылық шенеуніктердің әрекетін құптамайтынын айтты. “Әріптестерім портрет туралы маған айтты. Меніңше, ол дұрыс емес. Өйткені ол менің суретім ғой, қолдамаймын”, — деді министр.

Бекетаев өз портретін іліп қою туралы ешкімге тапсырма бермегенін айтты. “Бұл менің бастамам емес. Ол басшыны танымаймын да. Интернетте тараған суреттерді көрдім, ұнаған жоқ”, — деді ол. Шенеуніктерге қандай да бір шара қолданыла ма деген сауалға министр мырза “бастысы – жұмыс, бұған қадалып қалудың қажеті жоқ” деп қысқа қайырды. “Тәртіптік, этикалық мәселелерді шешу министрдің мәселесі емес. Бұған жауапты хатшы бар. Ол тиісті тапсырманы беріп қойды”, — деп түйіндеді сөзін Бекетаев.
Естеріңізге салып өтсек, осыдан төрт-бес күн бұрын интернетте Қарағанды облысының әділет департаментінде ілініп тұрған министрдің портреті қызу талқыланған болатын. Суретті желіге журналистердің бірі жүктеп, фейсбуктегі парақшасында жазған.

Stan.kz

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр