jasqazaq.kz

Министр менингитке шалдыққан жағдайда өздігінен ем қолданбауға шақырды

04 маусым 2018, 13:42

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ел тұрғындарын менингит кезінде өзін-өзі емдеумен айналыспауға шақырды.

«Адамдардың өлімімен аяқталған оқиғалардың көпшілігінде науқастар мамандардың көмегіне тым кеш жүгінген. Біз менингит белгілері пайда болған кезде дереу медициналық қызметкерлерге хабарласу керектігін қайталап келеміз. Денсаулық сақтауға, вакциналауға түрлі көзқарастар болуы мүмкін, алайда осы жағдайда кері салдарға жол бермес үшін бас мамандардың ұсынысын орындауды өтінемін. Инфекция жыл бойы болады. Бұның барлығы біз үшін стандартты жағдай, сәйкесінше біз дәрігерлердің стандартты нұсқауларын орындауды талап етеміз. Осы орайда өзін-өзі емдеумен немесе тексерілмеген ем-дом түрлерімен айналысқан дұрыс емес», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері Қазақстанда менингит инфекциясын жұқтырған 58 науқас тіркелді. Олардың 18-і 14 жасқа дейінгі балалар. Биыл аталған дерттен 12 адам көз жұмды. Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингитке қарсы вакциналау жұмыстарының неге жүргізілмейтінін түсіндірді.

ҚазАқпарат

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді