jasqazaq.kz

Министр: Бізде адвокат жетіспейді

28 наурыз 2018, 12:36

Бүгiн Мәжiлiс отырысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасымен таныстырған ҚР Әдiлет министрi Марат Бекетаевтың айтуынша, жоба заң көмегін көрсету тәртібінің ашықтығы мен әділеттілігін әрi сапасын көтеруге бағытталған.

«Бүгінгі таңда заң көмегін алу конституциялық құқығы келесі мәселелерге байланысты тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды. Бірінші. Қазақстанда адвокаттық қызмет нарығы жеткілікті деңгейде дамымаған және озық елдердің көрсеткіштеріне сәйкес келмейді. Оның негізгі себептерінің бірі – адвокаттардың жетіспеуі. Ол, өз кезегінде, үміткерлер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылатын өте жоғары кіру жарналарынан туындайды. Алғашқы жарналардың алынып тасталуы адвокаттық мамандыққа жас заңгерлердің кіруіне, адвокаттардың арасындағы бәсекелестікті күшейтуге және олардың санының артуына мүмкіндік береді. Екінші. Қазақстанда адвокаттармен көрсетілетін кәсіби қызметтердің сапасын тиімді бақылау жоқ. Әр адвокаттың қашан және не үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы ашық ақпарат жоқ. Адвокаттардың кәсіби әдеп нормаларын сақтауын, тәртіптік істердің объективті және жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында екі деңгейлі тәртіптік комиссияны құру қарастырылған. Үшінші. Қазақстанда адвокаттардың біліктілігін арттыру механизмі қалыптаспаған. Әлемнің озық елдерінде адвокаттардың тұрақты және жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттыру міндеті заңнамамен бекітілген. Адвокатураның сапалық құрамын жақсарту мақсатында заң жобасымен адвокаттардың біліктілігін көтеру механизмі қарастырылған. Бұл адвокатура саласында бәсекелестікке және қызмет сапасына оң әсерін береді», — дедi Бекетаев.

Министрдiң айтуынша, заң жобасымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына адвокаттармен және заң консультанттарымен құқықтық жағдайдың басынан аяғына дейін тегін заң көмегін көрсету қарастырылған. Ол – pro bono деп аталады. Осындай қызметтерді көрсету тараптардың келісуімен ерікті және өтеусіз негізде болады. Айта кету қажет, рro bono қызметі міндет емес, ол құқық болып табылады және оны көрсету мәжбүрлі болмайды.

«Бесінші. Бәрімізге белгілі, бүгінгі таңда соттарда азаматтың мүддесін заң білімі бар кез-келген адам білдіре алады. Алайда, осындай көмек сапасыз көрсетілген жағдайда азаматтар өз құқықтарын қорғай алмайды. Осы орайда, соттарда өкілдік ететін жеке тұлғалардың заң консультанттары палаталарына міндетті түрде мүшелікте болуы қарастырылған. Жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің өзін-өзі басқару ұйымдарына мүшелікте болуы заң көмегінің сапасын арттыруға негіз болады. Алтыншы. Заңгерлік көмектің құны туралы ашық ақпараттың жоқтығы бағаның негізсіз көтерілуіне себеп болып отыр. Осы орайда, халықтың хабардар болуын және әділ бағаның белгіленуін қамтамасыз ету мақсатында адвокаттар мен заң консультанттары көрсететін көмектің ұсынымдық сипатта тарифтік кестесін әзірлеу қарастырылады. Бұл Германия, Франция, АҚШ, Польша, Чехия және басқа елдердің тәжірибесі. Тарифтік кестені енгізу азаматтарға заң көмегінің орташа құнын білуге және оған артық шығынды төлемеуге мүмкіндік береді. Жетінші. Бүгінде азаматтарды теріс пиғылды адвокаттар мен заң консультанттарынан қорғау механизмі қарастырылмаған. Адвокаттар мен заң консультанттары өз қызметін жүзеге асыру барысында сенім білдірушіге елеулі мүліктік залал келтіруі мүмкін. Осы орайда, адвокаттардың, заң консультанттарының міндетті түрде өз кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізіледі. Бұл сенім білдірушілерге кәсіби заң көмегін алуға кепілдік береді. Сақтандыру институты екі мың жиырмасыншы жылдан бастап енгізіледі», — деп баяндады министр.

Марат Бектеаевтың айтуынша, адвокатурада жаңа технологияларды пайдалану дамымаған. Бұл мәселенің шешімі «Е-адвокатура» ақпараттық жүйесін құру мен қалыптастыру болады. Сондай-ақ, адвокаттық ордерді пайдалану тәжірибесі оның тиімсіздігін көрсетіп отыр. Дамыған елдерде адвокаттық ордерді пайдалану қарастырылмаған.

Адвокаттық ордерді алып тастау адвокаттың қызметін оңтайландыруға, оның адвокаттық ұйымнан тәуелсіз болуына, сондай-ақ уақыт пен қаржы шығындарын азайтуға жол ашады.

Baq.kz

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті