jasqazaq.kz

Мешітке ауызашарға келіп, жапа шеккен әжейден имамдар кешірім сұрады

05 маусым 2018, 13:02

Белгілі журналист және тележүргізуші Асаубек Айымбетов Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітінде қарт әжейді жұлқылап, шығуын кетуін талап еткен діни қызметкерлердің әрекетін сынға алған болатын. Ал бүгін мешіттің имамдары журналистке хабарласып, әжейден кешірім сұрағандарын айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында Асаубек Аймыбетов Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін Әзірет сұлтан мешітінде болдым. Мешіттің наиб-имамдары, ағаларым болған жағдайды тәптіштеп түсіндіріп, мысал да келтірді. Мен түсіндім жағдайды. Ол әжей мешітте үнемі ас ішеді екен. Сол күні сондай бір ыңғайсыз жағдай болып қалыпты. Ол жердегі әкімгер де, даяшы да, барлығы да еріктілер де тегін қызмет етіп, қонақтардың көңілін аулап жүреді екен. Алланың разылығы үшін, қасиетті айда адамдарға жақсылық жасасам деп жүрген замандастарым екен.

Бұл әңгімені әрі қарай өрбіткім келмейді. Екі тарап бір-бірімізді түсіндік. Әжей аман-есен. Тегін тамақтанып, Алла үйінде жүр», — деді журналист.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Астанадағы бас мешітте ауызашарға келген әжейді мешіт қызметкерінің жұлқылағаны жайлы жариялаған болатынбыз.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр