jasqazaq.kz

Менингиттен 8 адам көз жұмды

29 мамыр 2018, 15:19

Жыл басынан бері елімізде 8 адам менингит жұқпасынан көз жұмды. Бұл жағдайға дәрігерге дер кезінде қаралмаудың салдары да әсер еткен. Бүгін Үкімет отырысынан кейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы соңғы 5 айда 62 қазақстандықтың менингококк инфекциясын жұқтырғанын айтады. Солардың тең жартысы Алматыда анықталса, Астана мен Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 4 жағдайдан тіркеліп отыр. Жалпы, Жандарбек Бекшиннің сөзіне сүйенсек, аурудың таралу деңгейі аса қауіпті емес. Сондықтан жаппай вакцина жасалмайды. Ал «сақтықта қорлық жоқ» деушілер емханада ақылы түрде дәрілік препарат қабылдай алады. Оның құны 20 мыңнан теңгеден асады. Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы: — Қазіргі таңда медициналық кезеңдерде профилактикалық мәселелер енгізілген. Жедел станция машиналарында менингококкқа қарсы қалаумен жабдықталған. Алматы қаласында ең үздік дәрігер-эпедемиологтарды бір тобын жібердік. Олар Алматыда жұмыс жасап жатыр. Сау адамдарды емдеу, қарым-қатынаста болған азаматтар арасында ауру адамдарды анықтау.

24.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен