Отандық әнші Бақыт Шадаева елуге келсе де өзіне жас жігіттердің қырындайтынын жайып салды.
Nur.kz хабарлағандай, «Елуге жақындап қалсам да сырт келбетіме аса күтім жасамаймын. Әріптестерімнің бәріне қарасам жас көрінеді ғой. Сондықтан бәрі дұрыс тамақтанғаннан шығар. Мен 25 жасар қыздаймын», — деді Шадаева.
«Қырындайтын жігіттер көп. Кәдімгідей қырындайды. «Сізге ғашықпын», «Ұнайсыз», «Ғашықпын», «Сізбен кезедсуге болады ма?» деп жатады. Мен бәріне «Қоя ғой» деймін. Бірақ мені немереммен, бала-шағаммен қабылдаса, жанымда ер азаматтың болғанына қарсы емеспін. Жас жігіттің жанында жүргенін кім қаламайды? Бірақ олар өмірді көрмеген ғой», — деп ағынан жарылды әнші.