jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Сергей Лавровпен кездесті

07 қараша 2024, 18:11

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.
Мемлекет басшысы Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұған жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог, сондай-ақ екі ел үкіметтері мен парламенттерінің үйлесімді жұмысы айтарлықтай ықпал етіп отыр.
Әңгімелесу кезінде Ресей Президентінің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне айрықша мән берілді.
«Біз алдағы сапарға тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Бұл мемлекетаралық байланыстардағы айтулы оқиға болады деп санаймыз. Екі елдің ынтымақтастығы үлгі тұтарлықтай және қарқынды дамып келеді. Бұл сапар стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасқа тың серпін береді», – деді Президент.
Сергей Лавров Ресей мен Қазақстанның көп жақты ықпалдастығы, соның ішінде алдағы сапардың күн тәртібі үкіметтер мен сыртқы саясат ведомстволары арасында егжей-тегжейлі пысықталып жатқанын жеткізді.
Ресей Сыртқы істер министрі Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 80 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Аталған жиын дипломатиялық ортада және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланған.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров өңірлік және халықаралық күн тәртібі, сондай-ақ көпжақты құрылымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы әріптестіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.resmi

08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады