jasqazaq.kz

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді

06 қантар, 16:34

2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 пайызын құрады.

Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді.

Ағымдағы жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңге қарастырылғын, алушылар саны шамамен – 5 млн адам.

Сондай-ақ елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті.

Биыл 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері Ұлттық Банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 пайызға,  ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға, яғни инфляция деңгейінен 2 пайызға оза отырып ұлғайтылды.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары – 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі төмендегідей:

— 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 233 мыңтеңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды;

— мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін артты;

— I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін, II топ – 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін, III топ – 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін өсті.
JQ-Aqparat 

12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?