jasqazaq.kz

Мектепті енді бітірген оқушыға ұсыныс білдірген жігіт елдің ашуына тиді (видео)

25 мамыр 2018, 17:40


Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі жергілікті мектептің соңғы қоңырауы кезінде қызықты оқиға орын алды. Ер азамат мектепті енді ғана тәмамдаған сүйіктісіне келіп, көпшілік алдында үйленуге ұсыныс білдірген.
NUR.KZ. хабарлағандай, ер жігіттің дүйім жұрт алдында жасаған қылығын түсіріп алған оқиға куәгерлері видеожазбаны желіге бірден жүктеп жіберген.Әлеуметтік желіге салынған видеода, қолына үлкен гүл шоғын ұстай мектеп түлектеріне қарай жөнелген жас жігіт бой көрсетеді. Артынша ол оқушылар арасындағы бір қыздың алдына тізерлеп отырып, үйленуге ұсыныс білдірген.
Мектепті енді ғана аяқтаған оқушы қыз қуанғаны соншалық, тіпті сүйіктісінің мойнына асыла жөнелген.  Алайда бойжеткеннің жігітіне не деп жауап бергені белгісіз. Желіде видеоны тамашалаған көпшіліктің оқиғаға қатысты пікірі екіге бөлінді.Бірі жастардың қылығын ерсі санап тым ерте үйленбекші деп сөксе, қалғандары оларға бақыт тілеп қуаныштарына ортақса кетті.

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен