jasqazaq.kz

Мектеп бітіру кешіне 100 мың теңгеден жинап жатыр

02 мамыр 2018, 11:12

Алматылық әйел №156 мектепте қоштасу кешіне ақша жинағандардың үстінен шағымданды.

«Балам мектеп бітіріп жатыр. Мектеппен қоштасу мен виньетка үшін мектептегілер 100 000 теңге жинап жатыр. Қосымша ақша жинап жатырмыз деп те айтты. Лимузинмен қыдырады екен, сағаты 16 000 теңге, Талғар тасжолындағы мейрамханаға да барады. Мұны ата-аналар жиналысында айтты. Ақша жинағысы келмегендерді үркітіп, қорқытты. № 156 мектеп, Алатау ауданы, «Өжет» ықшамауданы». Шара қабылдауды сұраймын, мұндай бассыздықты қашан қоямыз?», — деп шағымданды алматылық қалалық білім басқармасының сайтында. Білім басқармасындағылар № 156 мектептегі ақша жинау туралы мәліметті толығырақ алу керектігін және орта білім бөлім жетекшісінен нақтылауды сұрап жауап берді. «№156 орта мектептегі ақша жинау туралы мәліметті нақтырақ анықтап, Сізден Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Қасымбекова Айгүл Жұмабекқызына хабарласуды сұраймыз. Білім басқармасының орта білім бөлімі жетекшісі Айтуарова Ақмарал Төлегеноваға да хабарласа аласыз», — делінген жауапты.

Tengrinews.kz

26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті