jasqazaq.kz

Мейірбикелер ауыр халдегі науқасты көшеге тастап кетті (видео)

28 қантар 2018, 12:01

Сочидегі ауруханалардың бірінің мейірбикелері ауыр халдегі науқасты көшеге алып шығып, гараж маңына тастап кеткен, деп хабарлайды «Живая Кубань» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Қала тұрғындарының бірі ер адамды көріп қалып, полицияға хабарласқан. Полицейлер жедел жәрдем шақырған. Олар науқасты қайтадан ауруханаға жеткізіпті.

Бұл оқиға видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тарап кеткен.

Сочидің әкімшілігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марина Вартазарянның мәлімдеуінше, ер адамды көшеге тастаған мейірбикелер жұмысынан босатылады. Сондай-ақ, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Заңгердің айтуынша, мейірбикелер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Ал науқастың сөзінше, ол мұрын сүйегі сынғандықтан және басқа да жарақаттар алғандықтан ауруханаға түскен. Сондай-ақ, ер адам уланып қалған екен. Ол мейірбикелерден темекі шегі үшін далаға алып шығуын сұрағанын айтты.

L!FE порталының хабарлауынша, Сочидегі ауруханананың мейірбикесі Мария Комиссарова науқасты ауыр халде көшеде қалдыратын ойы болмағанын айтқан.

«Ол басқа науқастарға кедергі жасады. Түкіріп, басқаларды кемсіте бастады. Оған пациенттер наразы болды. Ол ұзақ уақыт бойы темекі шегу үшін көшеге алып шығуымызды сұрады. Сондықтан алып шықтық. Оны тастап кетпек болғаным жоқ. Ол шылым шегіп болғаннан кейін алып кететін едім», – дейді мейірбике.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті